«Самұрық-Қазына» Ұлттық қоры жаңа зауыттарды қаржыландыруға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» Ұлттық қоры жаңа зауыттарды қаржыландыруға дайын

14.05.2020

«Самұрық-Қазына» Ұлттық қоры экономиканы қалпына келтіру үшін жүздеген жаңа зауыттар салуды қаржыландыруға дайын. Бұл туралы қор өкілдері айтты. Бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асады. Ең алдымен, Қазақстанда өндірілмейтін тұтыну тауарларын шығаратын кәсіпорындарды іріктеу жоспарланған. Импортты алмастыратын өндіріс құру жөніндегі жобалар да қарастырылады. Былтыр трансформаторлар сатып алу үшін 6 миллиард теңгедей қаржы Ресей мен Қытайға кеткен. Қазір мұндай өндіріс Қазақстанда бар. Қосымша шаралар да қабылданды. Атап айтқанда, өндірушілер тендерлік өтінім беруден босатылады, сатып алу шарттары мен құжаттар тізімі қысқарады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу