Еліміздің қарулы күштері енді оқ -дәріні сырттан сатып алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің қарулы күштері енді оқ -дәріні сырттан сатып алмайды

13.05.2020

Қарағандыда іске қосылған теңдессіз патрон зауытының арқасында импортқа тәуелділіктен құтылдық. Әлемнің озық технологиясын қолданысқа енгізген зауыттың өніміне қазірдің өзінде шет мемлекеттер қызығушылық танытып отыр.    

Қазір, мұнда бірінші желі іске қосылып, тапанша оқтары шығарылуда. Алғашқы тапсырыс қорғаныс министрлігінен түскен. Мұнда 4 түрлі калибрге арналған патрондар шығарылады. Олар ең қажетті Макаров, Люгер тапаншалары мен АК-47 және оптикалық қаруларға арналған.

2021 жылы НАТО талаптарына сай калибрлерге арналған оқтарды шығармак. Бұған қоса, алдағы екі жылда шикізатты өзіміздегі кәсіпорындардан ала бастайды. Бұл жоспарлы жұмыстар толық жүзеге асқан кезде зауыт ішкі нарықпен қоса, экспортқа да өнім шығара бастайды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу