1 маусымнан бастап ел ішінде пойыздар жүре бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 маусымнан бастап ел ішінде пойыздар жүре бастайды

13.05.2020
1 маусымнан бастап ел ішінде пойыздар жүре бастайды

Бүгін ҚР Үкіметі экономика салаларын қалпына келтіруге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды.

Оған сәйкес, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас санитар дәрігердің талаптарын сақтауды ескере отырып, кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 15 мамырдан сатыла бастайды.

Сондай-ақ 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады.

Ал 18 мамырдан бастап мына нысандарға санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:

- қонақүйлерге; 

- сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану орындарына; 

- қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдарына.





Хабарламаларға жазылу