Президент жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу тапсырмасын түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу тапсырмасын түсіндірді

13.05.2020

Əлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудің ұтымды жолы - жеке табыс салығының үдемелі өлшемін бекіту. Президенттің бұл ұсынысын сарапшылар да құптап отыр. 

Мемлекет басшысы бұл жүйенің мәнін түсінідірді. Оның көзқарасы бойынша 300 мыңға дейін жалақы алатындарға табыс салығының мөлшері 7 пайыздан аспауы тиіс. Ал қазіргі қолданыстағы 10 пайыздық мөлшерлеме 300 мыңнан 2 млн теңгеге дейін табысы барларға салынады. 

Егер кіріскөзі жылына 25 млн теңгеден асса, одан да көп ұсталады. Бірақ Президент салықтың шекті деңгейі 15 пайыздан аспауы керек деп есептейді. 

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу