Теңіз кенішінде бір күнде 21 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңіз кенішінде бір күнде 21 адамнан коронавирус анықталды

12.05.2020

Атырау облысында эпидемиялогиялық ахуал күн өткен сайын ушығып барады. Мұнайлы өңір, індет жұқтырғандар бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан кейін үшінші тұр. Ең қауіпті індет ошағы ретінде Теңіз мұнай кен орны белгіленді.

Науқастардың 80 пайыздан астамы індетті Теңіз кенішінен жұқтырған. Вирусқа шалдыққан 382 адамның 308-і осы Теңізден анықталды. Ондағы 17 вахталық жатақхана ауру ошағы ретінде белгіленді. Сол жақтағы карантиндік стационарда 1800 адам жатыр. Бүгінде алпауыт кәсіпорын аумағынан 16 мыңнан астам жұмысшы шығарылды. Кен орнындағы барлық құрылыс тоқтады. Өндіріс бәсеңдеді.

Қаладағы ахуалға келер болсам, қазір инфекциялық стационарда 188 адам емделіп жатыр. 44 науқастың өкпесі қабынған. Төртеуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде. Мың жарым адам уй бақылауында. Кеше облыстық перзентхана уақытша жабылғанын айтқанбыз, індетке шалдыққан 4 жүкті әйелдің біреуі бүгін аман есен босанды. Сәбиден сынама алынды, нәтижесі ертең белгілі болады.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу