Елордада қоғамдық көліктер бүгін қайта жүре бастады. Бірақ әзірге қала ішінде қатынайтын автобустар ғана. Қазір 61 бағыт бойынша 600- ден астам автобус таңғы 7:00-ден кешкі 21:00-ге дейін адам тасымалдауға кірісті.
Қауіпсіздік үшін жолаушыларға бетперде, қолғап киіп жүру талабы қойылған. Оны жүргізушілер де сақтауы тиіс.
Амангелді Сейітхан