Бір данасы 250 мың теңге тұратын қорғаныш киімі. Алматы полициясы 125 миллион теңгеге 500 қорғаныш киімін сатып алмақ болған. Əлеуметтік желіде полиция департаменті карантинге жұмылдырылған қызметкерлеріне Л-1 атты жеңіл қорғаныш киімін алғаны жайлы хабарлама тарады.
Департамент мамандары бірнеше компанияның бағасын зерттегенін, ең төменгі сома ұсынған компаниямен 4 мамырда келісімшарт жасалғанын айтты. Сондай-ақ, тауар сипаттамасына және бағасына сай болмаған жағдайда, келісімшартты бұзу құқығы бар екендігін қоса жеткізді. Бұл қорғаныс костюмдері коронавирустан көз жұмғандарды, сондай-ақ індет ошақтарын тексеретін жедел-тергеу топтарына арналған екен.
Алайда Алматы полициясы құны қымбат киімдерді алудан бас тартып, жазбаша түрде келісімшартты бұзған.
Жазира Оразқызы