Саябақтарда серуендеуге рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саябақтарда серуендеуге рұқсат берілді

12.05.2020

Елордада саябақтар ашылып, тұрғындардың серуендеуіне рұқсат берілді. Алайда қыдыру кезінде белгілі бір ережелерді сақтау қажет.

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің сөзінше, саябақтармен қоса бақтарда немесе өзен жағалауында да серуен құруға болады. Тек, үш адамнан артық жиналып жүрмеу керек. Маска тағып, ара қашықтықты сақтаған абзал.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу