Төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты 42 500 теңге төлемі тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты 42 500 теңге төлемі тоқтатылды

11.05.2020

Бүгін төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты 42 500 теңге төлемі тоқтатылды. Бұл туралы сала министрі мәлімдеді. Ал 16-шы сәуірге дейін өтініш беріп үлгерген 4 миллионға жуық тұрғын әлеуметтік қаржылай көмекті екінші айға да алады. Әзірге 2 миллиондай адамға төлем рәсімделген. Қалғанына да міндетті түрде аударылатынын айтты Біржан Нұрымбетов. Осы аралықта 4 миллион 500 мыңнан астам адамға 42 500 теңге тағайындалды. Жалпы сомасы 193 миллиард теңге.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу