Жапонияда Сакурадзима жанартауы оянды
Жанартаудан атқылаған түтіннің биіктігі 4,2 шақырымға жеткен. Салдарынан Кирисима қаласын күл басты, 6 әуе рейсі кейінге шегерілді.
Келтірілген шығын көлемі мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
Сакурадзима - Жапониядағы қауіпті жанартаулардың бірі. Қазір жанартау аймағына өтуге тыйым салынды. Бұдан бұрын осындай құбылыс осы жылдың ақпанында болған еді.
russian.news.cn