Өзбекстан тасқынның салдарын жоюға көмек бермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан тасқынның салдарын жоюға көмек бермек

06.05.2020

Шавкат Мирзиеев Сардобадағы апаттан Қазақстан халқы да зардап шегіп жатқанына қынжылысын білдірді. Өзбек елі тасқынның салдарын жою үшін Түркістан облысына көмек беруге дайын. Сондай ақ Өзбекстанның жауапты мекемелері мен мамандары Қазақстан тарапымен тығыз жұмыс істеуге дайын екенін айтты президент. Өзбекстанда су қоймасының жарылуынан 4 адам қайтыс болды. Бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 24 елді мекендегі 90 мың адам эвакуацияланды.

Шерхан ЖАМЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу