Қарағанды облысында қауіпті вирустан 62 жастағы ер адам қайтыс болды. Шахтинск қаласының тұрғыны 5 сәуірде өкпесі қабынып провизорлық госпитальға түскен. Науқас 14-ші сәуір күні ауыр халде елорда ауруханасына ауыстырылған. Он тоғыз күн бойы дәрігерлер науқастың өмірін арашалап қалу үшін аянбады. Өкінішіке қарай, науқас көз жұмды.
Коронавирустың құрығынан құтыла алмаған жанның бірі Шымкент қаласының тұрғыны. 78 жастағы кейуана осыдан бір апта бұрын тұмау және пневмония диагнозымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Сол уақытқа дейін ол үйде өз бетінше емделген. Тексере келе, ол вирусты жұқтырғанға дейін қан қысымы және созылмалы бронхитпен ауырғаны белгілі болды. Марқұммен қарыс қатынаста болған отбасының алты адамынан коронавирус инфекциясы анықталды.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ