Түркістан облысы Жетісай ауданы, Қоғалы елді мекенін де су басу қаупі бар. Қазірдің өзінде ауыл маңындағы көлдердегі су деңгейі асып, жағаға 300-400 метр шығып кеткен.
Осы орайда жергілікті халық бейжай қалмай, құм салынған қаппен ауыл аймағын қоршауға кірісті. Тұрғындар биіктігі 2,5, ұзындығы 500 метрлік бөгет салған.
Фариза Мұсақызы