Ақмола облысында 100 жастағы кейуана вирустан жазылып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 100 жастағы кейуана вирустан жазылып шықты

03.05.2020

Осы аптада Ақмола облысында 100 жастағы кейуана да жазылып шықты. Ол Целиноград ауданында орналасқан «Шапағат» әлеуметтік көмек беру орталығының тұрғыны. Бұл мекеме өңірде аурудың ошағына айналған еді. Облыста COVID-19 індетін жұқтырғандардың жартысы осы орталықтан. Ал «Шапағатта» тұратындардың көбі егде жастағы адамдар. Әлеуметтік мекемеден 48 адам індеттің ілмегіне ілікті. Өкінішке орай, олардың үшеуі көз жұмды. Ал осы аптада ауруға шалдыққандардың басым көпшілігі емделіп шықты. 35 науқас дертті жеңді. Олардың қатарында жасы 80,90-нан асқан қарттар да бар.


Хабарламаларға жазылу