Марат Абдуллаев коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Абдуллаев коронавирус жұқтырған

30.04.2020

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны мыңнан асты. 1028 адам. Бұл туралы қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. Ауру көбінесе ересектерде, әсіресе, 20-29 жастағылардың арасында тарап отыр. 60 жастан асқан 70 қарияданда вирус табылған. Ал мегаполисте COVID-19-дың 366 індет ошағы тіркелді. Сондай-ақ Орталық қалалық клиникалық аурухана басшысы тағы ауысты. Осыдан 15 күн бұрын басшының міндетін атқарушы болып Марат Абдуллаев тағайындалған еді. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі: «Марат Абдуллаев уақытша жұмыс істеу қабілетін жоғалтқандықтан, жұмыстан шеттетілді»,- деп ақпар таратты.     

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу