Қостанайда тұрғындардың карантин режимін сақтауы арнайы қосымша арқылы бақыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда тұрғындардың карантин режимін сақтауы арнайы қосымша арқылы бақыланады

29.04.2020

Қостанай облысында оқшаулау тәртібі ғаламтор арқылы қадағаланады. Бұл үшін мамандар «SMART Qostanay» жүйесінің ішінде «Мен үйдегі карантиндемін» атты мобилдік қосымшаны іске қосты. Алдымен оқшауланған адамның келісімімен ұялы телефоны бақылау орталығына қосылады. Сол арқылы оның қозғалысы қадағаланады. Бұл жұмысты медицина колледжінде орналасқан орталықтағы 22 маман жүзеге асырып отыр. Олар қаладағы емханалардың медициналық қызметкерлерінен жасақталған. Карантиндегі адам тәртіп бұзбаса мониторда жасыл белгі жанып тұрады. Ал шектеулі аумақтан шықса немесе телефонын өшірсе мониторда қызыл белгі пайда болады. Мамандар сол сәтте оның себебін анықтауға кіріседі. 5 күн ішінде осындай тәсілмен 200 -ден астам азаматтың карантин тәртібін бұзғаны әшкереленді.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу