Қостанайда дәмхана иесіне 600 мың теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда дәмхана иесіне 600 мың теңге айыппұл салынды

22.10.2020

Қостанайда карантин режимін бұзған дәмхана иесіне 600 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Кәсіпкер уақыт шектеуін ескермей түнгі сағат 11-ден кейін де келушілерді қабылдаған. Мониторингтік топ тәулік ішінде барлығы 20 қоғамдық тамақтану орнын тексерген. Соның ішінде тәртіп бұзғаны осы біреуі ғана. Жалпы облыста карантин режимінің сақталуын қадағалайтын 91 мониторингтік топ жасақталған. Олар тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейді. Ал қоғамдық көліктерде бетперде тақпай, сақтық шараларын ескермегендерге бұл жолы тек ескерту жасалды. 

Дәуренбек Әбдібек

дәмхана айыппұл

Хабарламаларға жазылу