Бельгияда карантин талаптары жеңілдетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда карантин талаптары жеңілдетіледі

06.05.2020

Бельгияда да карантин ережелері жеңілдетілуде. Елде ірі кәсіпорындар ашылып, тұрғындарға отбасы мүшелерінен бөлек тағы екі адаммен серуендеуге, спортпен шұғылдануға рұқсат етілді. Қоғамдық көліктерде жолаушылар бетперде тағуға міндетті. Тәртіпке бағынбағандарға 250 евро, теңгеге шаққанда 118 мың теңге айыппұл салынады. Медициналық бетперде супермаркеттерде сатылып жатыр. Бірақ, бір адам ішінде 50 дана маскасы бар бір қораптан ғана сатып алуға құқылы. 11-мамырдан бастап барлық сауда орталықтары ашылады. Келушілер маска киюге және әлеуметтік ара-қашықтықты сақтауға міндетті.

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу