Жер шарына диаметрі 1,5 км болатын 1998 OR2 астероиды жақындап келеді. Ғалымдардың түсірген фотосына сәйкес ол бетперде «киіп алғанға» ұқсайды.
«1998 OR2 астероидының бетперде киген секілді көрінуі оның топографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Алайда Жер шарын пандемия басып жатқан сәтте астероид та бетпердені ұмытпаған секілді көрінеді»,- дейді Аресибо обсерваториясының маманы Анни Виркки.
Ғалымдардың айтуынша, астероид 29 сәуір күні Жерден 6,2 млн шақырым қашықтықтан өтеді. Бұл ғаламшарымызға қауіп төндірмейді. Алайда обсерватория мамандарының зерттеу мәлеметіне сүйенсек, 2079 жылы дәл осы астероид Жерге тағы 3,5 есе жақын қашықтықтан өтуі мүмкін.
Дереккөз: ВВС