Динозаврлардың көзін жойған астероид туралы тың деректер белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Динозаврлардың көзін жойған астероид туралы тың деректер белгілі болды

29.05.2020
Динозаврлардың көзін жойған астероид туралы тың деректер белгілі болды

Динозаврлардың көзін жойған астероид туралы тың деректер белгілі болды.

Ғалымдар оның Жерге қай бағыттан, қандай бұрыштан соққы бергенін анықтады.

66 млн жыл бұрын Жер диаметрі 15 шақырымды құрайтын астероидпен соқтығысқан. Алып астероид Мексика шығанағының аумағына құлады. Осылайша Чиксулуб ойығы пайда болған. Ал соққы салдарынан Жер бетіндегі тіршіліктің 75 пайызы, соның ішінде динозавлардың көзі жойылды. 

Бірнеше жыл бұрын ғалымдар Чиксулуб ойығын зерттеуді бастады. Оның жынысөзегін алып, қандай жыныстардан тұратынын және көлемі мен пішінін анықтады. Бұл зерттеулер астероидтың қай бағыттан, қандай бұрыштан соққы бергенін білуге мүмкіндік берді.

Ғалымдардың айтуынша, астероид Жерді cолтүстік-шығыстан 12 км/с жылдамдықпен (45-60 градус бұрышпен) соққан. Оның қауіптілігі сонша - ауаға көп мөлшерде көмірқышқыл газы, күкірт және шаң тараған. Бұл жаһандық климаттық апатқа, Жер бетіндегі тіршілік иелерінің қырылуына әкеп соқты.

kp.ru

Хабарламаларға жазылу