Ауызашар жасаудың жаңаша тәсілі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауызашар жасаудың жаңаша тәсілі шықты

27.04.2020

Ауызашар жасаудың жаңаша тәсілі. Карантинге қарамастан елордалық мешіттер тапсырыс қабылдап, мұқтаж жандарға ауызашар асын үйге дейін жеткізіп беріп жатыр. Осылайша, «Рамазан шуағы» деп аталған игі шара қайырымды жандардың сауапты іс жасауына мүмкіндік беріп отыр. Тек тасымалдаушылар карантин шартын ескере отырып, арнайы санитарлық талапты сақтауы қажет.

Мешіттің есігі жабық болғанмен, игілік істеріне кедергі жоқ. Бас мүфтидің айтуынша, ауызашар беру үшін, мұқтаж жандарға азық түлік таратсаңыз немесе ақшасын мұқтаж жанға аударсаңыз жеткілікті. Тағы бір жаңаша тәсіл – ауыз бекіткен жандарға ыстық тағамды жеткізіп беру. Елордадағы мешіттер ораза айы басталғалы осы бастаманы қолға алды.

Осылайша мешіт күніне 200-300 адамға тағам таратды. Ал дайын тамақты үлестіру үшін «Әзірет Сұлтаны» мешіті жанындағы «Шарапат» орталығының 50-ден астам ерікті азаматы жұмылған. Олар өздері ораза ұстағанына қарамастан қайырымды бастаманы қолдауға ниетті.

Естеріңізге сала кетейік, биыл белгіленген пітір-садақаның мөлшері 370 теңге.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу