Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді

16.07.2014
Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді

 

 

АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді. Ауызашар кезінде ол Таяу Шығыстағы оқиғаларға тоқталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Дәстүрлі ауызашарға мұсылман елдерінің өкілдері, Америка қоғамының алдыңғы қатарлы діни басшылары мен құрметті қонақтар қатысты.

Жиында Обама Рамазан айының бөлісу, қайырымдылық және бейбіт ай екенін айта келе, сөзін бір хадиспен жалғастырған.

Обама сөз соңында Таяу Шығыстағы  оқиғаларға тоқталды. Сирия және Ирактағы оқиғаларға ерекше назар аударды.

Хабарламаларға жазылу