Семей орманы резерватында кеше шыққан өрттің таралуы тұйықталды. Алайда, жалын әлі де бой бермей жатыр.
Семей орманы резерваты аумағындағы өрт Бесқарағай ауданы жанындағы Грачи ауылына жақын маңда тұтанған. Кеше түсте басталған дала өрті, секундына 25-30 мерт соққан күшті желдің салдарынан қарағайлы орманға жеткен. Соның кесірінен 2300 гектар алқап отқа оранған. Өрт сөндірушілер, орманшылар мен әскерилер кешеден бері үзіліссіз жұмыс істегеп қызыл жалынды ауыздықтаумен жүр. Мамандары қазір қарағайлы ормандағы жоғарғы өрт ауыздықталып, таралуын тоқтаттық деп отыр. Бірақ әрбір жерден қозданып жатқан ошақтары әлі бар. Сондықтан өрт толқытай өшіріліп болды деп айтуға әлі ерте екенін айтады.
Қазір өрт 400-ден асатам адам жұмылдырылған. Олар өрт сөндірушілер, орманшылар мен әскерилер. 100-ден аса техника мен тікұшақтар жұмыс істеп жатыр. Өрт ошағына жақын елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ екенін айтады мамандар. Кеше түнде өрт сөндіріп жүрген Семей Орманы резерватының 30-ға жуық маманы қызыл жалынның ішінде қалып қойған. Өрт сөндіру әлі жалғасып жатыр.
Ержан ЖАҚЫП