Алматыда қайтыс болған әйел қызуы көтеріліп, жөтеліп жүрсе де дәрігерге қаралмаған
Алматыда 63 жастағы әйел жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған.
«Күйеуінің айтуынша, 1957 жылы туған науқас соңғы аптада көп жөтеліп, қызуы көтерілген. Учаскелік дәрігерге тексеріліп, қаралмаған. Өз бетінше үйде емделген. Кеше кешке кенеттен тұншығып, есінен танып қалған», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Әйел медициналық жедел жәрдем бригадасы жеткенше қайтыс болған. Ал зертхана талдауы коронавирус жұқтырғанын растады.