АҚШ ғалымдары Айдың геологиялық картасын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ ғалымдары Айдың геологиялық картасын жасады

24.04.2020
АҚШ ғалымдары Айдың геологиялық картасын жасады

АҚШ Геология қызметінің астрология зерттеу орталығының мамандары NASA-мен бірлесіп Айдың толық геологиялық картасын жасап шығарды.

Карта Айдың бетін 1×5 000 000 масштабында көрсетеді.

Ол үшін ғалымдар «Аполлон» бағдарламасы кезіндегі түсірілімдерді, сондай-ақ жаңартылған ақпараттарды пайдаланған.

«Бұл карта - көпжылдық жобаның кульминациясы. Ол жаңа зерттеулер үшін маңызды рөл атқарады», - дейді мамандар.

usgs.gov

Хабарламаларға жазылу