Петропавлдағы әскери институттың қаржы бөлімінің маманы 5 жыл бойы мемлекеттің ақшасын талан-таражға салып келген. Күдікті ұзақ уақыт бойы әскери институттың қаржы бөлімшелерінде қызмет еткен. 2014 жылдың шілде айынан бастап 2019 жылдың мамыр айына дейін әскери қызметкер бюджеттік қаражатты туған-туысқандары мен таныстарының атындағы есепшоттарға аударып отырған.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Петропавлда әскери азамат 5 жыл бойы қазына қаржысын жымқырып келген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/126021/)