Карантинді пайдаланып кей мекемелер мемлекеттік сатып алуда тауарды қымбат бағамен алмақ болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантинді пайдаланып кей мекемелер мемлекеттік сатып алуда тауарды қымбат бағамен алмақ болған

23.04.2020

Шығыс Қазақстанда бірқатар мемлекеттік мекемелер қазіргі төтенше жағдайды пайдаланып тауарды қымбат бағамен сатып алуды көздеген. Бірақ олардың бұл жоспарлары жүзеге аспады. Өйткені Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері бірыңғай сатып алу терезесі арқылы олардың әр қадамын қатаң бақылауға алған. Ақпараттық-аналитикалық порталда талдау жасаған мамандар 70 миллион теңгеден астам қаржының қазынадан қағылуына жол бермеді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы кейбір мекемелер сатып алу жоспарына тауарды әлдеқайда қымбат бағамен жазып қоюды әдетке айналдырған. Олардың арасында коронавируспен күресті желеу етіп, медициналық тауарлар мен қызмет түрлерін қымбат бағаға сатып алуды көздегендер де бар.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу