Президент Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа ауруханаға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа ауруханаға барды

23.04.2020

Нұр-Сұлтан қаласындағы модульді жұқпалы аурулар орталығы өз жұмысын бастады. Рекордтық екі аптада жаңадан салынған ауруханаға бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барды. Президент күн демей, түн демей медициналық мекеменің бой көтеруіне атсалысқан жұмысшылармен және осында қызмет ететін дәрігерлермен сұхбаттасып, алғысын айтты.  

Ал үндеуге дейінгі белгілісі, Президент карантин режимі мамырдың соңына дейін сақталатынын айтып қалды. Өйткені дерт екпіні әлі де басылар емес. Ал шектеу шараларын біртіндеп жеңілдетіп, азаматтардың жұмысқа шығуына мүмкіндік беру үшін біраз саланы реформалау күтіп тұр. Әсіресе, Денсаулық сақтау министрлігі мен санитарлық-эмипемиологиялық қызметтің жұмыстары жаңа жүйеге көшіріледі. Жұқпалы аурулар ауруханаларына баса мән берілмек. Өйткені еліміздегі мұндай госпитальдердің жартысынан астамы тозып кеткен.

Демек, жаңа госпиталь шамамен 3 есе арзанырақ. Сондай-ақ «BI GROUP» холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев біздікінің қытайлықтан да арзан шыққанын айтады. Мәселен, көрші елдегі жылдам аурухананың әр орны 143 мың долларды құраса, елордалық госпитальдікі 60 мың доллар шамасында. Сомаға қондырғылар құны да кіреді. Қытайлық ауруханының уақытша салынғаны тағы бар. Ал елордалық госпиталь кемі 50 жыл жұмыс істейді. Құрылыс компанияның сертификаты солай екенін айтады.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу