Алматыда 100-ге жуық компания жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 100-ге жуық компания жұмысын бастады

22.04.2020

Алматыда 140-тан астам компания алғашқы кезең бойынша жұмысын бастауға өтініш білдірген. Қалалық әкімдік, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдерінен құралған топ тексеру жүргізіп, тек 82 өндіріс орнына рұқсат берген. Олар карантин талаптарын сақтай отырып, іске кірісіп кетті.

Кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, қазір 60 мыңнан астам адам қызметке кіріскен. Алғашқы кезең бойынша ашылған кәсіпорындар қатары күн сайын көбейіп жатыр. Яғни, күнделікті рейд жүргізіліп, жұмыс істеуге дайын мекемелерге рет-ретімен рұқсат берілуде. Ал келесі кезеңдерге байланысты нақты шешім әзірге шығарылған жоқ.

Мамандардың айтуынша, алдағы аптада жұмысын бастаған кәсіпорындарға қайта тексеру жүргізілмек. Ал ережеге бағынбағандар анықталса қатаң жазаға тартылады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу