Фаррер аралдарының тұрғындарын онлайн басқаруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фаррер аралдарының тұрғындарын онлайн басқаруға болады

22.04.2020
Фаррер аралдарының тұрғындарын онлайн басқаруға болады

Үйдегі компьютер немесе смартфонның көмегімен Фаррер аралдарының тұрғындарын онлайн басқарып, виртуалды саяхат жасауға болады.

Виртуалды саяхат туралы ой коронавирус пандемиясының салдарынан өңірге келе алмай қалған туристерге аралдардың ерекше табиғатын көрсету мақсатында туындаған. Саяхат онлайн ойын негізінде жүреді. Әрбір қатысушы ойынға кірген сәттен бастап аралдың бір тұрғыны оның құлағы, көзі болады. Онлайн-туристер тұрғындарға түрлі нұсқаулықтар беріп, көргісі келетін жерлерді айтады.

Виртуалды саяхатты ұйымдастырушылардың айтуынша тұрғындар тек қана жерде емес, тікұшақтан секіріп, экранның әр жағындағы туристке Фаррер аралдарын аспаннан да көрсетуге дайын.

Витуалды саяхат COVID-19 пандемиясы біткенше күнделікті режимде жұмыс істейді.


Хабарламаларға жазылу