Британия сауалнама нәтижесін басқаратын бағдарлама ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британия сауалнама нәтижесін басқаратын бағдарлама ойлап тапты

18.07.2014
Британия сауалнама нәтижесін басқаратын бағдарлама ойлап тапты

Британдық  үкіметтік байланыс орталығының бағдарламасы онлайн-сауалнама, смс-спамдар және әлеуметтік желілердегі жазбаларды бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы The Guardian басылымы Америка барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнен алынған құжаттарға сүйеніп хабарлайды.

Басылымның жазуынша, бағдарлама аңдуға және ақпаратты  таратуға, онлайн-сауалнама, сондай-ақ, статистикалық көрсеткіштерді басқаруға бағытталған.

Бағдарламаның әзірге, «GATEWAY», «CLEAN SWEEP», «SCRAPHEAP CHALLENGE», «UNDERPASS» және «SPRING BISHOP» деп аталатын 5 түрі көрсетілген.

Бағдарлама веб-сайттар трафигін жасанды түрде ұлғайтуға, Facebook әлеуметтік парақшасындағы түрлі пайдаланушының жеке бетіне  жасанды хабарлама орналастыруға, BlackBerry құрылғысынан электронды поштадағы хабарламаларды алуға, онлайн-дауыс беру нәтижесін өзгертуге және Facebook-тегі жеке фотоларды табуға арналған.

Сондай-ақ, Сноуденнің құжаттарына сәйкес, кейбір бағдарламалар YouTube-тегі видеоларды дамыта алады.

Хабарламаларға жазылу