22 сәуір - Халықаралық Жер күні
Атаулы күн 2009 жылдың 22 сәуірі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілді және 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын аталып өтеді.
Жер туралы қызықты деректер
- Жердің салмағы - 6 600 000 000 000 000 000 000 кг;
- Шын мәнінде Жер домалақ шар тәрізді емес, ол қысылған сфероид немесе геоид тәрізді;
- Негізінде, 1 тәулікте 24 сағат емес. Жер өз осінен 23 сағат, 56 минут және 4 секундта айналады;
- Жердің жасы 4,5 миллиард жылды құрайды;
- Жер бетінің 72 пайызын су алып жатыр;
- Жердің ядросының температурасы Күннің температурасымен бірдей (5500 °C);
- Жер бетіндегі алтынның 99 пайызы оның ядросында орналасқан;
- Жердің ең биік шыңы – Эверест, ең терең нүктесі – Мариан шұңғымасы;
- Жер тарихында 106 миллиардқа жуық адам өмір сүрген;
- Жыл сайын Жердегі құрлықтар 2 сантиметрге жылжып отыр;
- Жердің ең дұрыс топографиялық картасы тек 2009 жылы ғана жасалған;
- Күннің сәулесі Жерге жеткенше 500 секунд өтеді;
- Бір секунд ішінде Жерге шамамен 100 рет найзағай түседі.