Азаматтық авиация саласының кірісі 300 млрд теңгеге азаюы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтық авиация саласының кірісі 300 млрд теңгеге азаюы мүмкін

21.04.2020
Азаматтық авиация саласының кірісі 300 млрд теңгеге азаюы мүмкін

Коронавирус салдарынан азаматтық авиация саласының кірісі 300 млрд теңгеге азаюы мүмкін.

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде ішкі әуе рейстері 100 пайызға, ал халықаралық рейстер 98 пайызға тоқтатылды.

«Қазақстанның азаматтық авиация саласы өкілдерінің болжамынша, операциялық кірістердің төмендеуі жыл соңына дейін шамамен 300 миллиард теңгені құрауы мүмкін», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу