Қорғаныс министрі Қарағандыдағы әскери ұшақ апатының себебін мұқият тексеруді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрі Қарағандыдағы әскери ұшақ апатының себебін мұқият тексеруді тапсырды

21.04.2020
Қорғаныс министрі Қарағандыдағы әскери ұшақ апатының себебін мұқият тексеруді тапсырды

Қорғаныс министрлігінде кезекті аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібіне еліміздің Қарулы Күштерінің тыныс-тіршілігіндегі соңғы оқиғалар мен әскердің төтенше жағдай режимі мен алдағы міндеттерді қамтамасыз етуі бойынша кең ауқымды мәселелер енді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай режимі жағдайында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев коронавирусқа қарсы күрестің берілген қарқынын бәсеңдетпеуді, ел азаматтарының қалыпты өмірге тез қайтуы үшін жұмысты белсенді әрі үйлесімді жалғастыруды тапсырды.

Барлық гарнизон бастықтарына Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін дезинфекцияға ерекше көңіл бөлу туралы нұсқау берілді. Биоқорғау бөлімшелерін қамтамасыз ету үшін дезинфекциялау құралдарының қорларын алдын ала толықтыру бірінші кезекте тұр. 19 наурыздан бастап әскери қызметшілер жалпы ауданы 66 млн. шаршы метрден асатын әлеуметтік маңызды нысандарды, ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын жол учаскелерін өңдеді.

Әскери бөлімшелердің денсаулығын қорғауға қатысты әскери бөлімдердің санитарлық-тазалық жағдайын және жеке құрамның талаптарды сақтауын бақылауды күшейту тапсырылды. Вирусты жұқтыруға қарсы іс-қимылдың сапалы ұйымдастырылуын Құрлық әскерлері мен Алматы гарнизоны төтенше жағдай және карантин режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға тартылғанда көрсетті. Сондай-ақ, санитарлық нормалардан бөлек, онда әскери қызметшілердің байланыстары да ажыратылған. Осыған сəйкесҚұрлық әскерлер бас қолбасшысының жұмысы оң бағаланды.

Сонымен қатар, кеңестің күн тәртібінде аумақтық қорғаныс әскерлеріне қатысты іс-шаралар да назардан тыс қалмады. Аталмыш бөлімшелер Қарулы Күштердің құрамына кіреді. Əскери міндеттілерге жиындар кезеңінде әскери қызметшілердің мәртебесі бекітілген, яғни әскери тәртіпті, санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды сақтау талап етіледі.

Орын алған оқиғаларға сәйкес әскери медицинаны дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Медицина қызметінің даму тұжырымдамасына түзетулер енгізу қажет. Әлемдегі дəл осы уақыттағы жағдай науқастарды, далалық жұқпалы госпитальдарды эвакуациялау үшін авиатехникамен яғни, тікұшақтармен жабдықталған арнайы мақсаттағы медициналық жасақтарды құру қажеттілігін көрсетті. Ерекше әскери-медициналық мамандар, оның ішінде травматологтардың, жақ-бет хирургтарының және т.б. болуы ерекше назар аударуды талап етеді.

Қазіргі уақытта Қарулы Күштерде COVID-19-ға тестілеуге қабілетті вирусологиялық зертхананы құру жөніндегі жұмысты жандандыру маңызды болып отыр.

Бұдан бөлек, әскери басшылық Қарағандының маңында МиГ-31 әскери ұшағымен болған апатты мұқият және қысқа мерзімде тексеруді тапсырды

Қорғаныс ведомствосының басшысы ұшқыштардың денсаулық жағдайын бақылауға алып, олардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуге нұсқау берді.

Барлық белгіленген шараларды орындауға министр шұғыл кірісуді тапсырды.

Хабарламаларға жазылу