«Болашақ» бағдарламасымен оқып келген жас дәрігерлерлер індетпен күресуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» бағдарламасымен оқып келген жас дәрігерлерлер індетпен күресуде

20.04.2020

Бүгінде індетпен күреске инфекциялық ауруханалар, провизорлық стационарлардағы қызметкерлерді қоса алғанда, 16 мыңнан аса дәрігер тартылған. Олардың қатарында «Болашақ» бағдарламасының түлектері де аз емес.

Бұл бүгіндікке балалар хирургін шақырған үшінші үй. Үш жасар Иманәлінің іші қатты аурып, дәрігер көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Нұрбек Сәуленұлы балада ішек жолдары қызметінің бұзылғанын анықтады. «Болашақ» бағдарламасымен Тель-Авив университетін тәмамдаған хирург төтенше жағдай кезінде халыққа онлайн кеңес беріп, балаларды үйе барып қарауға көшіпті.  

Ал жылына 8 мың науқасты қабылдап, жүрекке 2 мыңнан астам ота, 6,5-ға жуық диагностика жасайтын кардиохирургия орталығының карантиндегі жұмыс тәртібі де өзгерді. Қазіргі кезде ең бірінші науқас міндетті түрде вирусқа тексеріледі. Тек содан кейін тиісті емін алады.

Індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері екенін әр қазақстандық жақсы біледі. Бірі ән-жыр арнап, қолдарынан келгенше құрметін көрсетіп отыр. Өйткені олардың өмір үшін күрестегі еңбегі өлшеусіз.

Коронавируспен күресте тынымсыз тер төгіп жүрген дәрігерлерге алғысын елордалықтар сурет арқылы білдірген. Көпқабатты үй сыртында ақ көгершін ұстаған ақ халатты жан бейнеленген. Бұл қазақстандықтардың дәрігерлерге деген зор құрметі екенін айтады суретшілер.

Гаухар ТӨЛЕКБАЙ


Хабарламаларға жазылу