Елордада газ құбырын тарту жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада газ құбырын тарту жұмыстары басталды

20.04.2020

Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үй алаптарында газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Яғни магистраль газ құбырының монтажы аяқталу сатысында. Кеше елорда әкімі Алтай Көлгінов желілерді жүргізу барысын тексерген еді. Жалпы, бұл газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес салынып жатыр.

Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру екі бағытта жүргізіледі, әуелі газ халыққа жетуі керек. Яғни тұрғын үй алаптарын газдандыру. Екінші, жылу энергия орталықтарын газдандыру. Бұл ауқымды құрылыс 3 кезеңнен тұрады.

Газ өткізудің пайдасы көп. Біріншіден, газ тартылған жекеменшік секторда пеш жағылмайтын болады. Бұл отынның бықсып, адамдардың улану, өртену фактілерін азайтады. Қыс мезгілінде қала көшелерінде де улы газдың таралуы 6 есеге азаяды. Ал төгілетін көмірдің күлі 40 мың тоннаға дейін кемиді. Айта кетейік, Нұр-Сұлтанды газдандыру 2023-інші жылы аяқталады деп жоспарланған.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу