«Сарыарқа» газ магистралінің құбырын тарту жұмыстары аяқталды

09.10.2019

«Сарыарқа» газ құбыры Нұр-Сұлтан қаласының іргесіне жетті. Бүгін Қызылордадан шыққан құбырдың 1061-ші шақырымы салтанатты жағдайда дәнекерленді. Алты ай уақытта құрылысшылар құбырды түгел төсеп шықты. Қалыпты жағдайда мұндай ұзақ магистраль 2-3 жылда қойылатын. Елбасының бастамасымен іске асқан іргелі жобаның орындалуын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында жеке қадағалауға алғанын мәлімдеген.

«Сарыарқа» құбыры Елорда іргесіне жетті. Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облыстарының жерін басып өткен магистраль бүгін автоматты газ бөлу станциясымен түйісті.

Құбыр дайын. Магистральға газ 100 атмосфера қысыммен желтоқсан айында беріле бастайды. Алғашқы құбыр биыл 21 наурызда қойылған еді. Алты айға жетер жетпес уақытта 1061 шақырым төселді. Шамамен, айына 400 шақырым.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» ақ басқармасының төрағасы:

Әрине баға тиімді болу керек. Банктерден ақша бөлініп жатыр.

Ал сұйық отынды тұрғын үйлерге тарату ісін әкімдік көктем шыға қолға алмақ. Қала ішіне газ тарату үшін 9 кешен керек. Қазір алтауының құрылысы басталып кеткен. Алдымен көгілдір отын жылу орталықтары мен Көктал 1-2 және Агрородок аудандарына тартылады. Әкімшілік құбырды әр үйдің іргесіне дейін жеткізеді. Ал табылдырықтан ішке енгізу үй иесінің қалтасынан төленбек. Қазірдің өзінде қосылу құны 1 миллион теңгеден басталады деген қауесет тарап кетті. Әкім әзірге оның құны қанша теңге болатынын айтудан бас тартты.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

Оның құнын мен қазір айтпаймын қазір... 10 шақырымы қазылды.

Тымық күндері бас қаланың көгін көк түтін тұмшалап, тұрғындар тұншыға бастайтынына көз үйренді. Дегенмен кеше өткен жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев газды қысқа уақытта тарту мәселесін шегелеп тапсырғантын. Әкімідіктің бұл тапсырманы қаншалықты тез орындайтыны уақыт еншісінде.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу