Президент індеттің шарықтау шегіне жетпегенін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент індеттің шарықтау шегіне жетпегенін айтты

20.04.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың өсіп жатқанын, бірақ оның қарқынын геометриялық қарқын деуге келмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды. «Қазақстанда COVID-19 - жаңа вирустық инфекциясын жұқтырғандар саны өсуде, бірақ геометриялық қарқынмен емес. Бұл қабылданған шешімдердің дер кезінде қабылданғанын білдіреді. Бірақ індет өзінің шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ. Мен азаматтардан карантин режимін сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметкерлерге, волонтерларға алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне де назар аудару керек»,- делінген жазбада.

Айбек ҚОБДАБАЙ


Хабарламаларға жазылу