Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова қызметінен кетті

19.04.2020

Ресейдегі «Дәрігерлер альянсы» деген үкіметтік емес ұйым федералды қауіпсіздік қызметінің басшысы Бортниковке хат жазған, медицина қызметкерлеріне қорғаныш құралдары, тіпті қарапайым бетперде жетпейтінін айтып, дабыл қаққан.

Ұйымның мәліметінше, аймақтардың губернаторлары мен ауруханалардың бас дәрігерлері жұмыстан шығарып жібереді деп қорыққандарынан жағдайды баяндамай отыр. Жетпейтінін айтуға жүрексінеді, егер бұлай жалғаса берсе, біздегі ахуал Италиядағыдан да жаман болып кетуі мүмкін екенін айтқан ұйымға мүше дәрігерлер.

Ал Алматыдағы орталық клиникалық ауруханада 194 медицина қызметкерінің COVID-19 жұқтырғанына байланысты қазір тексеру жүріп жатыр. "Бір себебі — дәрігерлердің дұрыс сақтанбағаны",- деген Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымованың үстінен дәрігерлер шағымданған. Кеше Молдағасымованың қызметінен айырылғаны хабарланды. Орнына еліміздің бұрынғы Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тағайындалды. Ал біздің дәрігерлер... Оларға мың алғыс!


Хабарламаларға жазылу