Коронавирус індеті эпидемиолог маман тапшы екенін көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус індеті эпидемиолог маман тапшы екенін көрсетті

13.09.2020

Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры Айзат Молдағасымова Facebook желісінде орталықтың қараусыз қалғаны туралы жазба қалдырған.  

Ол коронавирус індеті кезінде мұндай маңызды нысанның ұмыт қалғанын айтады. Көктемде Алматының бас санитар дәрігері болған Молдағасымованың «Вирус жұқтырғанына дәрігерлердің өздері кінәлі» деген сипаттағы пікір айтып, бұл дәрігерлердің ашуын туғызғаны есте. Дегенмен жаңсақ пікір айтушы келесі жолы маңызды, үлкен проблема көтермейді деп кім айтты?

Сонымен гигиена және эпидемиология институтында ғалымдар 3 жылда бірде-бір жобаға қатыса алмаған. Ғалымдар вакцинаны анықтауға арналған тест жасаған. Бірақ аса мән берілмеген сияқты. Қызметкерлер ақысыз демалыста жүр. Ал коронавирус індеті елде эпидемиолог маман тапшы екенін көрсетті.  

Кеше Nur Tileý бағдарламасына барып, Иманғалиұлының сауалдарына жауап берген белгілі хирург Нұрлан Арын айтады: «Медицинада дәрігерлерді белгілі-бір салаға мамандандырған сайын оның сапасы артады. Иә, бұл қомақты қаржыны қажет етеді. Бірақ адам өмірінен қымбат не бар?». Біз де солай ойлаймыз ғой, бірақ... Ақерке Бектас жалғастырады.  


Хабарламаларға жазылу