Блок бекеттердегі әскери қызметшілердің бір күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Блок бекеттердегі әскери қызметшілердің бір күні

17.04.2020

Бақылау бекеттеріндегі әскерилердің денсаулығы күн сайын тексеріледі. Психологиялық жағдайы мен қауіпсіздігіне де жіті көңіл бөлінеді. Өзін жайсыз сезінген мамандар бірден медициналық бақылауға алынады. Бұл туралы Қорғаныс министрлгі өкілдері айтты. Еске салсақ, карантин басталғалы қосымша күш ретінде әскери қызметкерлер тартылған. Ұлттық арна тілшілері алғашқылардың бірі болып олардың бекеттерге барар алдындағы дайындығын көріп қайтқан еді.

Карантин басталғалы әскери қызметшілер Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, қалаға кіріп-шығуға тыйым салынған көліктерді бақылайды. Тәртіп бұзғандарды бірден сақшыларға хабарлайды. Кезекшілік әр төрт сағат сайын ауысады.

Ел басына күн туған сәтте үйде отырмай, қатерлі вирустың жұғу қаупіне қарамастан, 72 сағат тер төккен мамандардың бір күні осы.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу