Жеңістің 75 жылдығына ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңістің 75 жылдығына ардагерлерге 1 миллион теңгеден беріліп жатыр

17.04.2020

Қарағанды облысында екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 1 миллион теңге көлемінде көмек берілді. Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында осындай игілікті іс атқарылды. Оқ пен оттан аман келген майдангерлер қатары күн өткен сайын азайып барады. Қазір аймақта 67 ардагер бар. Қаржылай көмектің жалпы сомасы – 67 миллион теңге шамасында. Сондай-ақ концлагерь тұтқындары, тыл еңбеккерлері, майданнан қайтпағандардың отбасылары, Ауғанстан жерінде әскери іс-қимылға және Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқандар да қаржылай қолдауға ие болды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу