Ал Түркістанда алғашқы ауру ошағы пайда болды. 30 жастағы азамат індетті Жетісай ауданынан жұқтырып келген.
Вирус жұқтырған адамдың қай салада істейтіні, аты-жөні айтылған жоқ. Белгілісі, ол 10- сәуір күні қызмет бабымен Жетісай ауданына барып, 11- қайтып келген. Қасында көлік жүргізушісі болған. Соған қарағанда арнайы қызметтегі адам.
Осыған байланысты қалада қатаң тәртіп енгізілді. Бүгіннен бастап пошта, банк бөлімшелері жұмыс істемейді. Қоғамдық көлік таңертең және кешке екі мезгіл ғана жүреді. Қалаға ешкім кіріп шықпайды. Құрылыста, басқа да қала тіршілігіне қажетті мекемеде істейтіндер ғана жұмысқа шыға алады. Азық-түлік сататын базарлар да жабылады. Әкімдік көтерме сауда орнынан дүкендерге өздері жеткізіп береді. Азық-түлік қана емес, тұрмыстық химия, дәрі-дәрмек, тіпті дәмхана, мейрамханалардан қалаған нәрсені алдыруға болады. Ол үшін Amazing Turkistan қосымшасын жүктеп алсаңыз болғаны!
Сондай-ақ қалалық әкімдікте ситуациялық орталық дүйснбіден жұмысын бастайды. Әр сала мамандары індетке қарсы іс қимылдарды осы жерде үйлестіріп отырмақ. Мына мониторлардан қала тіршілігі, пост бекеттер бәрі көрініп тұр. Жалпы облыс бойынша кароновирус жұқтырғандар саны 53-ке жетті.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ