Блок бекеттен адам өткізуді бизнеске айналдырғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Блок бекеттен адам өткізуді бизнеске айналдырғандар ұсталды

16.04.2020

Елдің еңсесі түсіп, ауыр кезеңді бастан өткеріп жатқан аласапыран шақта қара басының қамын ойлап, құйтұрқы әрекеттерін тыя алмағандар әлі де аз емес. Семейде әкімдік қызметкері көліктердің жүруіне берілетін арнайы рұқсат қағаздары үшіп пара алған. Ал Карағандының тұрғыны жалған рұқсатнама сатып ұсталды. Оңай олжаға кенелгісі келген пысықайлар басқа өңірлерде де бар. 

Алматы қаласындағы әкімдік қызметкерлері болса блок бекеттен адам өткізуді бизнеске айналдырған. Ал Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 406 мың дана бетпердені шекара асырмақ болған. Олардың жалпы құны 36 миллион теңгеден асады. Жүк көлігіне жасырылған медициналық бұйымдарды Сырым бекетіндегі тексеру кезінде шекарашылар тауып алған.

Төтенше жағдай талаптарын бұзғандардың қатарында банк филиалының басшысы да бар. Ұлттық банктің Ақмола облыстық филиал директоры таяуда ғана қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырған. Ол 3 күнге қамауға алынды.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу