Блок бекеттен заңсыз өтпек болған 172 адам қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Блок бекеттен заңсыз өтпек болған 172 адам қамауға алынды

25.05.2020

Ал елордадағы бекеттерде апат тіркелмесе де, жағдай ушығып тұр. Блокбекетті заңсыз өтпек болған 172 адам темірторға тоғытылды. Әлі де карантин талабын ескермейтіндер бар. Айта өтейік, Елордада жұмысы қайта жанданған кәсіпорындар жұмыскерлерін қайта шақыртып жатыр. Өткізу бекетіндегі жағдайды біздің түсіру тобымыз көріп қайтқан болатын.

Өткізу бекетінің маңайында қазір келімді-кетімді адам көп. Төтенше жағдай кезінде үйіне қайтқан жұрт буынып-түйініп Елордаға қайта оралуда. Құжаты түгелінің мәселесі тез шешіліп жатыр. Ал кейбірі сағаттап өте алмай жүр.

Ал рұқсаты жоқ, құжаты дұрыс еместер қалаға кіре алмайды. Талап қатаң. Түркістан мен Шымкенттен тәуліктеп жеткендердің кейбірі бүгін қайтадан үйлеріне қайтуларына тура келді.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу