Қазақстанда коронавируспен ауру деңгейі шарықтау шегіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавируспен ауру деңгейі шарықтау шегіне жетті

16.04.2020

Қазақстанда коронавируспен ауру деңгейі шыңырау шегіне шығып келе жатыр. Қазіргі дерек бойынша, 100 мың адамның жетеуі індетті жұқтырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева хабарлады. Коронавирустың жылдам таралуына байланысты елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету үшін жұмысқа шығып жүргендер мен вирусты жұқтыру қаупі жоғары адамдардың барлығынан сараптама алу басталып кеткен. Ол 20 сәуірге дейін жалғасады. Қазір орта есеппен жүргізілген 80 сынаманың біреуі індеттің бар екенін көрсетіп отыр. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу