Ғалымдар Антарктидадағы Амундсен теңізінде жүргізілген суасты бұрғылау нәтижелерінің қорытындысы бойынша Оңтүстік полюстегі мұз орнында ну орман болған дейді. Nature ғылыми журналында жарияланған мақалаға сүйенсек, мұндай табиғи ландшафт Антарктидада мезозой дәуірінің бор кезеңінде болған. Бұл шамамен 88-85 млн жыл бұрын.
Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойыша 62 түрлі өсімдіктің түрі анықталған. Өсімдіктердің құрамы жаңбырлы ормандардағы флора түрлеріне ұқсас және жылдық орташа температурасы 13 градус болатын аймақтарда кездеседі.
Бор кезеңі фанерозой эонының ең жылы кезеңі болып саналады. Бұл ауадағы көмірқышқыл газы концентрациясының жоғары болуымен түсіндіріледі. Ғалымдардың айтуынша, мезозой дәуірінің бор кезеңіндегі ауадағы көмріқышқыл газының мөлшері 1000 ppm болса, қазіргі таңда біз орта есеппен 415 ppm мөлшерінде өмір сүріп жатырмыз.
Жаңа Зеландия және Австралия ғалымдары жүргізген зерттеулерге сүйенсек, Амундсен теңізінің түбінен табылған өсімдіктер Чатем архипелагындағы Питт араладарында өсетін флора типтеріне ұқсас. Бірақ Антарктидадағы өсімдіктер бірнеше миллион жылға жас дейді олар. Осыған байланысты көпетеген ғалымдар Зеландия жері шамамен 90 млн жыл бұрын Батыс Антарктидадан бөлініп шыққан деген болжам жасап отыр.
Дереккөз: Elementy