Ақпан - Антарктидадағы «жаз» айы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпан - Антарктидадағы «жаз» айы

15.11.2015
Ақпан - Антарктидадағы  «жаз» айы

Құрлықты ресми түрде 1820 жылы әлемді аралаушы ресейлік әскери-теңіз әскерлерінің ұжымы ашқан. Теңіз сапарының жетекшілері - Фаддей Беллинсгаузен және Михаил Лазарев.

Антарктида ешқандай мемлекеттің құрамында кірмейді. 1959 жылғы «Антарктида туралы келісімде» құрлық ғылым үшін пайдаланылатын табиғи қорық болып белгіленді. Бұл келісімге 48 ел қол қойды.

Антарктидада уақыт белдеуі жоқ. Құрлықта жұмыс істейтін зерттеушілер өз елдерінің немесе оларға құрал-сайман мен тамақ жеткізуші мемлекеттің уақыт белдеуін пайдаланады.

Антарктида мұзының 70 пайызы тұщы судан құралады.

Тұрғылықты азаматтары жоқ. Ғалымдардың уақытша мекені саналады. Қыс мезгілінде олардың саны мыңға жуық болса, жаз айларында 5 мыңға дейін жетеді.

Ақпан - құрлықтағы «жаз» айы. Бұл мезгілде мұнда ең жылы ауа райы сақталады.

Тағы бір қызықты дерек, құрлықта тек 1978 жылы ғана сәби дүниеге келген. Ол - Аргентина ұлтының өкілі Эмилио.

 

vsefacty.com

Хабарламаларға жазылу