Тұңғыш Президент қоры мен «Елбасы Академиясы» мұғалімдерге вебинарлар өткізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президент қоры мен «Елбасы Академиясы» мұғалімдерге вебинарлар өткізуде

15.04.2020

Алматыда жол активтерінің ұлттық сапа орталығы студенттерге онлайн дәріс оқуды бастады. Олар болашақ жол мамандарына бағыт-бағдар беріп, саланың маңыздылығына тоқталды. Дәріске 50 студент қатысты. Басты міндет – сапалы маман даярлау. Себебі, қазір жол мамандары тапшы. Игі бастама әрі қарай жалғасын табатынын айтады ұйымдастырушылар.

Тұңғыш Президент Қоры мен «Елбасы Академиясы» да ұстаздар мен ата-аналарға арналған вебинарлар өткізіп жатыр. «Бірге оқу» жобасы аясындағы пікірсайыс алаңына әлемдегі үздік 50 мұғалімнің бірі ресейлік Наталья Кисилева қашықтан оқытудың әдістемелерін талқылап, тәжірибесімен бөліседі. Кездесу барысында ол жаңа форматқа көшудің негізгі қадамдары мен әрекеттер тәртібін ұсынды. Жобаның вебинарлар сериясын әлеуметтік желілердегі парақшаларда табуға болады.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу