Бельгия мәйітханаларында вирустан көз жұмғандарды сақтайтын орын жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгия мәйітханаларында вирустан көз жұмғандарды сақтайтын орын жоқ

15.04.2020

Бельгияда 4500 адам пандемияның құрбаны болды. Бүгін бір тәулікте 283 адам коронавирустан көз жұмды. Елдегі мәйітханаларда індеттен қайтыс болғандардың денесін уақытша сақтайтын орын жоқ. Крематорий қызметкерлері марқұмдардың мүрдесін өртеп үлгере алмай жатыр. Тығырықтан шығудың жолын іздеген Брюссель, Льеж қалаларының әкімдігі мәйіттерді тоңазытқыш орнатылған жүк көлігінде сақтауға мәжбүр. Ал Одергем коммунасы спорт кешенінің бір бөлмесін тоңазытқышпен жабдықтап, COVID-19 вирусынан қайтыс болғандарды сонда орналастырып жатыр.

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу